Жаңалықтар


Президент принял министра экологии, геологии и природных ресурсов Магзума Мирзагалиева
Қаңтар 1, 1970
Президент принял министра экологии, геологии и природных ресурсов Магзума Мирзагалиева
Глава государства Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет министра экологии, геологии и природных ресурсов по основным направлениям деятельности ведомства. Магзум Мирзагалиев доложил о перспективах развития рыбной отрасли в стране. Общий объем рынка рыбы и рыбной продукции в 2019 году составил порядка 66 тысяч тонн, из них на рыболовство приходится 45 тысяч тонн, рыбоводство – 7,4 тысяч тонн, импорт – 43,5 тысяч тонн, экспорт – 30 тысяч тонн. По оценкам ученых, потенциал отечественных водоемов по выращиванию рыбы может достигать до 600 тысяч тонн в год. Глава государства указал на необходимость развивать имеющиеся возможности. Министерству совместно со всеми областями поручено до ноября разработать и утвердить региональные программы развития рыбного хозяйства. Большое внимание в ходе беседы было уделено экологической ситуации в регионах. По словам министра, в настоящее время совместно с общественностью разработаны дорожные карты по решению экологических проблем городов Алматы, Темиртау, а также Атырауской, Актюбинской, Павлодарской областей. Президент поручил продолжить активную и эффективную работу по улучшению экологии и атмосферного воздуха в регионах страны с определением конкретных индикаторов. Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о разработке проекта закона «Об ответственном отношении к животным». Глава государства отметил важность данного документа, в том числе в воспитательных целях для подрастающего поколения. Магзум Мирзагалиев представил Главе государства план развития экологического туризма в национальных парках Казахстана. Реализация плана позволит привлечь до 70 млрд тенге частных инвестиций в сферу экологического туризма, создать до 4 тысяч новых рабочих мест. Президент поставил задачу укрепления потенциала национальных парков, а также поручил продолжить работу по продвижению экологического туризма. В ходе беседы также были затронуты вопросы геологоразведочной отрасли. Касым-Жомарт Токаев заявил о необходимости направить усилия на изучение и привлечение инвестиций с целью освоения малоизученных перспективных бассейнов Казахстана. Кроме того, Магзум Мирзагалиев рассказал о проводимой работе по вводу орошаемых земель в регионах и строительству новых водохранилищ. Глава государства положительно оценил проводимую работу по вводу орошаемых земель, поручил ускорить переход к водосберегающим технологиям и цифровизации водной отрасли.
Президент Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Қаңтар 1, 1970
Президент Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің саладағы атқарылып жатқан жұмыстарының есебін тыңдады. Президентке елімізде балық шаруашылығын дамыту перспективалары туралы баяндалды. Министрдің дерегіне сүйенсек, 2019 жылы балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 66 мың тоннаны құраған. Оның ішінде балық аулау – 45 мың тонна, балық өсіру – 7,4 мың тонна, балық импорты – 43,5 мың тонна, экспорты – 30 мың тоннаға жеткен. Ғалымдардың пайымдауынша, елдегі суқоймаларда жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге мүмкіндік бар. Мемлекет басшысы қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін айтты. Министрлікке барлық облыстармен бірлесе отырып, осы жылдың қараша айына дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, бекіту тапсырылды. Кездесуде өңірлердегі экологиялық жағдайға ерекше мән берілді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қоғаммен бірлесе отырып Алматы, Теміртау қалаларының және Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі жол карталары әзірленген. Президент нақты индикаторларды анықтай отырып, еліміздің өңірлеріндегі экология мен атмосфералық ауаны жақсарту бойынша белсенді әрі тиімді жұмысты жалғастыруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасының әзірленіп жатқаны туралы ақпарат берілді. Мемлекет басшысы әсіресе өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бұл құжаттың маңыздылығын атап өтті. Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық парктерінде экологиялық туризмді дамытудың жоспарын ұсынды. Жоспарды іске асыру арқылы экологиялық туризм саласына 70 млрд теңгеге дейін жеке инвестицияларды тартуға, 4 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Президент ұлттық парктердің әлеуетін нығайтуды міндеттеп, экологиялық туризмді ілгерілету жұмысын жалғастыруды тапсырды. Сұхбаттасу барысында геологиялық барлау саласының мәселелері қозғалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның назардан тыс қалған және келешегі бар бассейндерін зерттеуге және оларды игеру мақсатында инвестиция тартуға күш жұмылдыру қажеттігі туралы айтты. Мағзұм Мырзағалиев бұдан басқа өңірлерде суарылатын жерлерді енгізу және жаңа суқоймаларының құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы айтты. Мемлекет басшысы суарылатын жерлерді енгізу бойынша жүргізіліп отырған жұмысқа жақсы баға беріп, су үнемдейтін технологияларға және су саласын цифрландыруға жеделдетіп өтуді тапсырды.
Экология министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолға алуда
Қаңтар 1, 1970
Экология министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолға алуда
Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің Жауапты Хатшысы Сәбит Нұрлыбайдың төрағалығымен, Экологиялық реттеу және бақылау, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, Гелогия және су ресурстрары комитеттерінің, сонымен қатар Комитеттердің аумақтық департаменттерінің мен инспекция басшыларының қатысуымен ВКБ арқылы Минстрліктің және оған бағынысты аумақтық ведомтсволар қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес өткізілді. ​Кеңесте заң қызметі департаментінің директоры М.К.Хайруллиннің «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдағы шаралары» жайлы баяндамасы тыңдалды. ​Соңғы өз баяндамасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреснің өз дәрежесінде еместігіне тоқталды, атап айтқанда 2019 жылдың шілдесімен 2020 жылдың тамыз айлары арасында 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған (қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу, заңсыз аң аулау, бюджеттен ақша ұрлау). ​Жауапты Хатшысы комитет төрағасының міндетін атқарушы Н.Жүнісовке, комитет қызметкерлері аралыснда сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресті күшейту жайлы тапсырыс берді. ​Сонымен қатар кеңесте комитеттердің, аумақтық бөлімше басшыларының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі және АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасы кеңсесімен бірлесіп сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жайлы жоспарының орындалу барысы тыңдалды.
​Сонымен қатар кеңесте Министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін артырудың, ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша , Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің Жауапты Хатшысы С.Нұрлыбай, Комитеттердің және олардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жайлы жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді және оның орындалуына формалды түрде қарамауды, сонымен қатар «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасы кеңсесінің және оның аумақтық филиалдарының азаматтармен өз ара әрекеттесу жұмысын күшейтуді тапсырды. Соңғымен қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстары жасалған жағдайда, Комитет және аумақтық құрылымдық бөлімшелердің басшыларының жауапкершілігі қаралып, қызметтен босату жайлы шешім қабылданатындығын атап өтті.
"Қазсушар" қайырымдылық шарасын ұйымдастыруда
Қаңтар 1, 1970
"Қазсушар" қайырымдылық шарасын ұйымдастыруда
Елімізде болып жатқан жағдайды ескере отырып "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры Арман Ғинаятұлы Қасеновтың бастауымен жергілікті кәсіподақпен бірлесіп, Қазсушар қызметкерлерінің игілігі үшін бірнеше әлеуметтік жоба іске асырылмақ. Атап айтқанда: кәсіподақ атынан мекеме қызметкерлері үшін сауықтыру орындарына жолдама, мекеме қызметкерлерінің балаларына балалар демалыс орнындарына жолдама және сондай-ақ жалғыз басты аналарға, көп балалы отбасыларға, және биылғы бірінші сыныпқа баратын балалары бар мекеме қызметкерлеріне әлеуметтік көмек ретінде кәсіподақ атынан қаржылай көмек көрсетілетін болады. Аталған жобалар бүгінгі күнде іске асуда, «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұжымының төрағасы Қалыбек Құдайберген арнайы келіп, "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалының қызметкерлерімен кездесіп, аталған әлеуметтік көмекті таратты. Алдағы уақытта бұл аталған жобаларды әрмен қарай жалғастырып, алда талай дәл осындай жақсы күндер болатының айтып өтті.
Мағзұм Мыр­зағалиевтің сұхбаты
Қаңтар 1, 1970
Мағзұм Мыр­зағалиевтің сұхбаты
Егін-терім науқаны басталды. Мол өнім жинауда диқандарды сумен қамтамасыз ету аса маңызды. Салаға жауапты Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Айқын» газетіне берген сұхбатында биылғы жаз еліміздің шаруалары үшін қалай өтіп жатқанын, қай өңірлерде су тапшылығы болғанын және мәселені шешу жолдары жайлы айтып берді. https://aikyn.kz/sw-tapshylyghy-biraz-oengirde-sezildi-maghzum-myrzaghaliev-ekologiya-geologiya-zhaene-tabighi-reswrstar-ministri/
Алматы облысында суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде
Қаңтар 1, 1970
Алматы облысында суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде
Су аз болғанына қарамастан, Қазсушар мамандары жергілікті жерлерде барлық қажетті шараларды қабылдап, шаруа қожалықтарының алқаптарын суару мәселесі жедел шешімін табуда. Мысалы, биыл Балқаш көлінің басты су артериясы Іле трансшекаралық өзенінің су деңгейінің төмендігінен Қапшағай қаласының халқы Шеңгелді суару алқабының ауыз суымен және суармалы сумен, сондай-ақ Балқаш ауданының  суармалы жерлерімен қамтамасыз ету бойынша күрделі жағдай болды. Осы мәселені шешу үшін «Қазсушар» РМК-ның Алматы филиалы шаруа қожалықтарының жерлерін суару үшін ұзындығы 1,5 км қосымша жеткізуші канал-құбырын салды. Нәтижесінде Шеңгелді алқабын қазір суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз ету жүргізілуде. Сонымен қатар Талдықорғанда суару желілерінің  құрылысы жүріп жатыр, жыл соңына дейін жобаны аяқтау жоспарлануда. Мердігер – «Монолит» ЖШС. Облыста суару жағдайын жақсарту бойынша басқа да жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, бүгін облыстың Ақсу ауданында Ислам Даму Банкінің қолдауымен суару желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде, осыны аяқтауды келесі жылға жоспарлап отыр. Мердігер – «Тамас» ЖШС. Жобалық арналардың жалпы ұзындығы 633 км құрайды. Ақсу ауданының 8 ауылдық округінде, оның ішінде Жансүгіров, Қапал ауылдарындағы Дол каналында жұмыс жүргізілуде. Ақсу ауданында сондай-ақ Қызылағаш өзеніндегі су қоймасы, су жинау торабы және магистральдық каналдың жұмысы қайта құрылып, толық қалпына келтірілгенін атап өтеміз. Бөгеттен Қызылағаш ауылының егістігіне су беріледі, бұл 700 га суармалы жердің суару мәселесін шешті. Су қоймасына 20млн.текше метр су жиналды, деп хабарлады «Қазсушар» РМК-ның Алматы филиалының директоры Смайыл Куметов. Сондай-ақ Қызылағаш алқабында тағы да 7 мың гектар жерді суармалы сумен қамтамасыз ететін  суару желілерін  салудың жаңа жобасы әзірленді. Осының арқасында Қызылағаш ауылдық округіндегі шаруа қожалығында  тағы  200  адам жұмыс жасай алады. Бұдан басқа Көксу бөгетінде Көксу өзенінде аспалы суармалы жерлердің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, себебі 1963 жылы пайдалануға берілген уақыттан бері мұнда бірде- бір рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Мердігер-«Темірбетон» ЖШС. Жоба Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылуда, бұл жұмыс жобасын биыл аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ Панфилов ауданындағы Үсек өзеніндегі суторабын қайта жаңарту (реконструкциялау) жұмыстары жүргізілуде. Жоба Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылуда және ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жақында су пайдалану бөлімінің мамандары Ұйғыр ауданына барып, барлық жердегідей бұл жерде де биыл суару көзі болып табылатын  Шарын өзеніндеде су аздығы байқалады. Бұл жерде суды тиімді пайдалану бойынша шешім қабылдау үшін субекеттерін және су каналдарының  жай-күйін тексеру жүргізілді. Жалпы биылғы жылы облыс тұрғындарын суармалы сумен уақтылы қамтамасыз ету үшін «Қазсушар» РМК филиалы бас құрылыстарды, гидрометриялық бекеттерді салды және арналарды механикалық тазартудан өткізіп кейбір жерлерді бетондап және түбін қаптау жұмыстарын, сондай-ақ Ескелді, Алакөл, Қаратал, Ақсу, Ұйғыр және Панфилов аудандарындағы каналдарды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл өңірде бірнеше мың гектар алқапты суландыруды жақсартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ «Қазсушар» РМК суды сандық есепке алуды түпкілікті  тұтынушыға жеткізу мәселесін пысықтауда.Басында пилоттық іске қосу және технологияларды сынақтан өткізу жоспарлануда, бұл ретте осындай есептегіштер үшін басты талап-олардың дербестігі және деректерді қашықтықтан беру.
Экология министрлігі вегетациялық кезеңнің қорытындылары бойынша өңірлердің сумен қамтамасыз етілуіне талдау жасайды
Қаңтар 1, 1970
Экология министрлігі вегетациялық кезеңнің қорытындылары бойынша өңірлердің сумен қамтамасыз етілуіне талдау жасайды
Қазақстанда келесі вегетациялық маусымда суды аз тұтынатын дақылдардың егісі артуы мүмкін. Бұл туралы «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндады. "Вегетациялық маусым өңірлерде күрделі жағдайда өтуде. Бірақ сонымен бірге көптеген мәселе өз шешімін тауып, проблемалар күн тәртібінен түсуде. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, қажет болған жағдайда оны күшейтеміз. Вегетациялық кезеңнің соңында терең жүйелі талдау жүргізіп, сонымен қатар шаруа қожалықтарымен бірге суды аз қажет ететін, бірақ сонымен бірге өнімділігі жоғары дақылдарды егу алаңын ұлғайту мәселелерін де қарастырамыз», - деді М.Мырзағалиев. "Біз бұл жұмыстарды Ауыл шаруашылығы министрлігімен, облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, келесі вегетациялық маусымға дейін аяқтамақпыз. Бұл біздің аграршылар үшін республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық мәселе. Сондықтан бұған назар аудару, әрине, орынды болмақ», - деді министр. Сұхбаттың толық мәтіні сілтеме бойынша: https://www.kazpravda.kz/interviews/view/glava-minekologii-kazahstana--vodoobespechenie-regionov--vopros-strategicheskii
Павлодар облысында 200 мыңға дейін суармалы жерді іске қосу жоспарлануда
Қаңтар 1, 1970
Павлодар облысында 200 мыңға дейін суармалы жерді іске қосу жоспарлануда
Бүгінде өңірде 56 мың гектар суармалы жер бар. Өңірдегі суармалы сумен қамтамасыз ететін нысандармен кеше өзінің Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев танысты. Оның ішінде, ол Қ.Сәтбаев атындағы каналдың суторабындағы бөгетті қайта құру, Май топтық су құбыры, "Ертіс-Успенка" каналының суармалы учаскесі, сондай-ақ 1800 гектар "Андас" шаруа қожалығының суармалы алқабын іске қосу жобасы нысандарын аралады.   Министрдің айтуынша, өңірде ауылшаруашылығы жерлерін суармалы сумен қамтамасыз етуде ауқымды жұмыс жүргізілуде.   "Мәселен, біз болған соңғы нысан - қайта жөнделіп жатқан "Ертіс-Успенка" каналының суармалы учаскесі. Бұл канал 2021 жылдың аяғына дейін күрделі жөндеуден өткеннен кейін 10 мың гектар жаңа суармалы жер енгізіледі. Бұл ауқымды жер. Облыстағы түрлі аудандарда басқа да жобалар бар. Жалпы өңірде 10 жыл ішінде суармалы жер көлемін қазіргі 56 мың гектардан 200 мың гектарға жеткізу қажет".   Министрдің айтуынша, бұл күрделі әрі өршіл мақсат. Дегенмен, бүгінде облыс әкімі атап айтқандай, өңірде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында 2,5 млн гектар игерілетін жер бар. Бұл ретте облыстағы барлық өнімнің 50%-і 56 мың гектар осы суармалы жерде өндіріледі.   "Тиімділігі көрініп тұр. Сондықтан мемлекет бүгінде жаңа суармалы жерлерді енгізуге, қолданыстағы суару жүйелерін қайта жөндеп, жаңа нысандар салуға едәуір қаражат бөлуде", - деді Мағзұм Мырзағалиев.  
15 ауылдың тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді
Қаңтар 1, 1970
15 ауылдың тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді
Жұмыс сапары барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Май ауданы, Баскөл ауылындағы су тазарту станcасында болды. Су құбыры жобасы 2018 жылы жүзеге асырылып, 2019 жылғы желтоқсанда аяқталды. Жобаны жүзеге асыру үшін 5 миллиард теңгеден бөлінген. «Нұра» топтық су құбыры» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Әйгерім Ақжанова құрылыстың құны 4,4 млрд. екенін жеткізді. Қалған қаражат бюджетке қайтарылған. – Бүгінде сумен жабдықтау жүйесі толық қуатта іске қосылды, - дейді Әйгерім Ақжанова. - Халқы 200 адамнан асатын 15 ауыл қосылып отыр. Бұл 10 мыңнан астам адам. Су тәулік бойы тест режімінде ақысыз беріледі. Су тазарту қондырғысы неміс жабдықтарымен жарақтандырылған. Әйгерім Ақжанованың айтуынша, су құбырының өткізу қабілеті тәулігіне 4150 текше метрді құрайды, оның тек 2500-і ғана тұтынылады.Судың қоры 20 жылға жететіндіктен, Ақсу ауылдық аймағын ​ сумен жабдықтау жүйесіне қосуға болады. - Бұл сұрақ көтерілді, - дейді Әйгерім Ақжанова. - Қазір билік жобаның тиімділігін қарастыруда. Егер мақұлданса, біз осы құбырды салуға дайынбыз. Май топтық су құбырын қызмет көрсететін ұйымның балансына беру проблемалық мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта қызметті «Нұра» топтық су құбыры» ШЖҚ РМК көрсетуде. Бірақ болашақта су құбырын сонымен қатар, Беловодск топтық су құбырына қызмет көрсететін «Казводхоз» РМК-ға беру жоспарлануда. Қазір Май топтық су құбырында 11 адам жұмыс істейді. Айсайынғы жалақы шығыны шамамен миллион теңгені құрайды. Мағзұм Мырзағалиев су құбырының жұмысын жоғары бағалады. Ауыл тұрғындарының таза ауыз суға қол жеткізуі олардың өмір сүру сапасын жақсартып, тұрғындардың ауылдан көшпеуіне себепші болады деген үмітте.  
Шығыс Қазақстан облысындағы суармалы жерлерді қалпына келтіру туралы
Қаңтар 1, 1970
Шығыс Қазақстан облысындағы суармалы жерлерді қалпына келтіру туралы
2020 жылдың 4 тамызында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.А. Нурбаев, «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Р.Г. Нығметжанов, ШҚО бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру мәселесі бойынша Жарма және Көкпекті аудандарына іссапар өтті. Онда аумақ шаруа қожалықтарының басшыларымен суармалы жерлерді калпына келтірілгеннен кейін оларды пайдалану тәртібі сөз болды. Мамандардың айтуынша бұл шаралар аталған аудандардың және облыстың жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетін болады.

Managed by Immediate XRise